Зерттеу әдістемесіне арналған Telegram арналары

Тек қана зерттеу дағдылары емес – пікірталас, пайдалы материалдар, нетворкинг және қолдау

Зерттеу әдістемесіне арналған Telegram арналары

Тек қана зерттеу дағдылары емес – пікірталас, пайдалы материалдар, нетворкинг және қолдау

* 30 минутқа созылатын тікелей трансляциялар және олардың бейнежазуларын Telegram арнасына жүктеп, талқыға салу.

**

“Shut up and Write” сессиялары Pomodoro әдісінің нұсқасын қолдану арқылы жүргізіледі. Қатысқысы келетін жазылушылар Zoom арқылы қосылып, модератордың 10 минуттық кіріспе сөзінен кейін 25 минут ішінде диссертация/мақала бойынша жеке жұмысты бастайды (мүмкіндігінше  жазуды бастау керек), содан кейін 10 минуттық үзіліс жарияланады. Қатысушылар ортақ Zoom бөлмесінде бола алады немесе құрдастарымен талқылау үшін қызығушылық танытқан Zoom бөлмелеріне қосыла алады. Үзілістен кейін жеке жұмыстың екінші сессиясы басталады. Үшінші жеке сессиядан кейін қатысушылар қызығушылықтарына қарай Zoom бөлмелерінде талқылауды 20 минутқа дейін жалғастыра алады.

Барлығы (минутпен) 10 (кіріспе) + 25 (жеке жұмыс) +10 (талқылау үзілісі) + 25 (жеке жұмыс) + 10 (талқылау үзілісі) + 25 (жеке жұмыс) + 20 (талқылау) = 150 минут немесе 2,5 сағат

*** Модератордан немесе шақырылған қонақтардан грантқа тапсыру, докторантураның ерекшеліктері, журнал таңдау, ғылымиметрия (scientometrics) және т.б тақырыптар бойынша тікелей эфирлер.

Трансляцияның ұзақтығы 30-40 минутты құрайды және кейін бейнежазуы Telegram арнасына жүктеліп, талқыға ашылады.

**** Барлық материалдар (бейне сабақтар, кітаптар және т.б.) жүйелі түрде жеке веб-сайтта қолжетімді болады. Әрбір қатысушының осы сайтта өз жұмысын жүктеу және модератор(лар) мен басқа қатысушылардан кері байланыс алу үшін жеке парақшасы болады (басқа қатысушыларға кіру рұқсатын ашуға немесе жабуға болады)

Топқа арналған бірінші семинар – ғылыми жобаларды (диссертация жазу, грант жобасы, докторантураға дайындық жобасы, т.б.) тиімді басқару

Just Follow және Engage арналары екі тілде (қазақ және орыс) жүргізіледі, Collaborate тобының тілі топқа байланысты өзгереді.

FAQ

FAQ

Телеграм арнасына шығып кетсем болады ма

Иә, әрине, жазылымды кез келген уақытта тоқтатуға немесе бірнеше айдан кейін қайта қосылуға болады.

Бұл арналар кімге арналған?

Ғылымға, әсіресе әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы зерттеу әдістемесіне қызығушылық танытатын кез келген адам қосыла алады. Арналар құрылғанға дейін жүргізілген сауалнамаға сәйкес, ең көп сұраныс докторанттар мен жаңадан бастаған ғалымдар арасында (докторантураны бітіргеннен кейін 5-7 жыл өткен соң) болған.

Жазылымды ай ішінде тоқтатсам, ай сайынғы төлемімді қайтара аламын ба?

Алғашқы екі апта үшін абоненттік төлем алынбайды. Содан кейін төлем ай сайын алынады. Өкінішке орай, ағымдағы айдағы жазылым үшін ақша қайтарылмайды. Бұл жағдайда қызмет материалдар мен басқа ақпарат бар арнаға қол жеткізу болып табылады. Жазылымды ағымдағы айда тоқтатсаңыз, келесі айдың төлемі алынбайды.

Хабарласу

Хабарласу

10 + 6 =

Модератор 

Қайрат Молдашев, PhD

Қайрат 2009 жылдан бері «Зерттеу әдістері», «Сапалық зерттеу әдістері», «Деректерді талдау», «Деректердің аналитикасы», «Деректерге негізделген шешім қабылдау» пәндерінен оқытады. Ол кеңінен таралып, докторантурада оқу құралы ретінде қолданылып жүрген «Идеядан басылымға дейін» оқу құралының авторы. Қайраттың Studies in Higher Education, Journal of International Relations and Development сияқты жетекші халықаралық басылымдарда мақалалары, сондай-ақ Palgrave, Routledge және Springer басылымдарының жинақтарындағы тараулары бар.

 

https://www.linkedin.com/in/kairat-moldashev/